Даниал Ахметов: "Көпбалалы аналарға көмекті көбейте түсеміз"

Dalanews 28 қар. 2019 13:01 171

ШҚО әкімі Даниал Ахметов өңірде көпбалалы аналарды қолдау қалай жүргізіліп жатқанын айтты. 

Әкімнің дерегінше өңірде әлеуметтік жағынан аз қамтылған 27 мың көпбалалы ана бар.

Биылғы көпбалалы аналарға көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшері екі есе артқан. Осылайша 70 мыңнан 140 мың теңгеге дейін қаражат төленетін болды. Ал атаулы әлеуметтік көмек үш есеге көбейген. Бұдан бөлек  тұрғын үй алуға алғашқы жарна беріліп, субсидия бөлінетін болды.
"Жыл басынан бері әлеуметтік жағынан аз қамтылған 21 мың отбасыға немесе 100,2 мың адамға жалпы сомасы 8,3 миллиард теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Жыл соңына дейін АӘК-ті шамамен 26 мың отбасы немесе 107,6 мың алады. Оған 11 миллиард теңге қарастырылған", – деді Даниал Ахметов Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингіде.

Шара барысында ШҚО әкімі алдағы жылдан бастап шығысқазақстандықтардың әлеуметтік мәселелерін шешудің нақты жолдары қарастырылатынын тілге тиек етті.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x