ШҚО-да рухани кеш өтті

Dalanews 28 қар. 2019 12:29 125

Облыс орталығында ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен мәуліт мерекесіне арналған «Мейірім нұры» атты рухани кеш өтті. Салтанатты кешке облысымыздың әр өңірінен келген имамдар мен дін өкілдері қатысты.

– Осындай діни мерекелерімізді жоғары деңгейде өткізуіміздің өзі тәуелсіздігіміздің арқасы. Ертеде терезені қараңғылап тұрып намаз оқитын заман болған. Міне, бүгін әкімдіктің қолдауымен Мәуліт мерекесін атап өтіп отырмыз. Бүгінгі кеш жастарымызға таусылмас рухани азық болмақ, – дейді Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының уағыз нәсихат және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Мансұр Батыржанов.


Кеш барысында көрерменге діни театрландырылған қойылымдар койылып, күмбірлеген күй төгілді. Алыстан келген «Алтын домбыра» иегері Балғынбек Имашев пен жас ақын Қуаныш Еркінұлы өзара сөз сайысына түсті.

Сонымен қоса ҚМДБ «Зекет» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Ел үлесі-пәтерге» акциясы аясында ұландық көпбалалы отбасына баспана беріп, қуанышқа бөледі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x