"Шығыс - адалдық алаңы". 10 айда не атқарылды?

Dalanews 26 қар. 2019 10:55 134

«Шығыс - адалдық алаңы» жобасын іске асыру бойынша ағымдағы жылдың 10 айында атқарылған жұмыстың қорытындысы шығарылды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары - "Шығыс-адалдық алаңы" жобасының кураторы Алмасхан Сматлаев баспасөз мәслихатында бірнеше мәселеге тоқталып өтті.




"Шығыс – Адалдық аланы" жобасының мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау.

2018 жылдың желтоқсан айында аймақ басшысы Даниал Ахметов пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев "Шығыс-адалдық алаңы" жобасының жарғысына қол қойған болатын.

Жобаны іске асыру нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2019 жылдың 10 айында 52 open space және кеңселер ашылды, 58 мектеп директоры көшірілді, 12 мемлекеттік орган басшысы бірінші қабатқа көшірілді, 80 «адалдық дүкені» ашылды.

Облыс әкімінің қоғамдық қабылдауы, телефон қоңыраулары, әлеуметтік желілер, сондай-ақ жобалау кеңсесі алаңында азаматтарды қабылдау арқылы 154 адам өтініш білдірді, оның ішінде 122 адамның мәселесі шешіліп, 32 өтініш бойынша жұмыстар атқарылуда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x