Даниал Ахметов: "Мектептегі орын жетіспеушілік мәселесін шешуге басымдық береміз"

Dalanews 28 қар. 2019 10:52 183

Бұдан бұрын Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ШҚО әкімі Даниал Ахметов аймақтың білім саласын дамытуға басымдық берілетінін айтқан. 

Аймақ басшысы бұл ретте мектептердегі орын жетіспеушілік мәселесіне назар аударған болатын.

 

"Өңірде жаңа білім ордалары салынып, оқушылардың кең бөлмелерде білім алуын қамтамасыз етеміз" деген еді Даниал Ахметов.


Ал бүгін Өскемендегі М.Шаяхметов атындағы №23 мектепке жапсарлас 300 орындық қосымша корпус салынды.



Құрылысы 2017 жылы басталған корпуста жалпы оқу және мамандандырылған кабинеттер, кітапхана, асхана және спорт залы, медициналық кабинет бар.


Сонымен қатар корпустың айналасына абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Мектеп аумағының қоршауы жаңартылып, спорт алаңдары мен балалардың ойын алаңқайлары салынды, жаяу жүргіншілер жолы жасалды, жарықтандырылды.



Ғимараттың құрылысы мен абаттандыру жұмыстарына сапалы материалдар қолданылып, корпус бейнебақылау жүйесімен, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Қосымша корпус заманауи оқыту құралдарын қолдана отырып балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасауға, оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x