Нұр-Сұлтанда балаларға арналған мұз айдыны ашылды

Dalanews 25 қар. 2019 05:07 199

Нұр-Сұлтан қаласына қарасты Есіл ауданындағы Үркер елді-мекенінде хоккей корты салынып, жұмысын бастады.

Мұз айдынында балалар  тек хоккей ойнап қана қоймай, конькимен де сырғанай алады.

Көктемде хоккей корты футбол алаңына айналады. Сондай-ақ, балалар алаңы аумағында тренажерлер орнатылып, workout аймағы да салынған.

Әрбір осындай кешен инклюзия элементтерімен қамтылған – ерекше қажеттіліктері бар балалар да осы алаңдарда ойнай алады.

Бұл жобаны елорда әкімдігі «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесе жүзеге асырды.

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=2O1HYqJbV6M&feature=emb_logo

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x