Ет өнімдері 24 пайызға артты

Dalanews 19 қар. 2019 10:38 338

Алматы облысында мал саны және оның өнімдерін өндіру өткен жылмен салыстырғанда орта есеппен 4,5 процентке өсті. Ол үшін 102 асыл тұқымды мал бордақылау алаңы құрылып, биылғы жылы шетелден 10 мыңға жуық ірі қара мал әкелінген.

Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың айтуынша, тек бір ғана Алакөл ауданының өзінде 20 мың басқа арналған жылқы шаруашылығы фермасы және төрт мың тонналық «Қайыңды» ет комбинаты салынған.

Ал Райымбек ауданында «Қаз Мясо» компаниясы мәрмәр етін өндіру үшін алты мың бас ірі қараға арналған бордақылау алаңын құрды.

Сондай-ақ иран компаниясымен бірлесіп жылына сегіз мың тоннаға дейін ет өңдей алатын «Империя Фуд» ет комбинаты пайдалануға берілгені белгілі.

– Қабылданған осындай шаралардың нәтижесінде ет өнімдерін шығару облыста 24 процентке артты, алты мың тоннадан астам мал мен құс еті экспортталды, – деп атап өтті А. Баталов.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x