Жетісуда 74 сүт өндіретін ферма жұмыс істейді

Dalanews 19 қар. 2019 10:33 240

Алматы облысы екі жыл ішінде сүт өндірісін 900 мың тоннаға, қайта өңдеу деңгейін 35 процентке жеткізуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Алматы облысының əкімі Амандық  Баталов айтты.

Амандық Баталовтың айтуынша, сүтті мал шаруашылығын дамыту үшін сүт-тауар фермалары құрылуда.Бүгінде өңірде 22 мың басқа арналған 74 ферма құрылды, оның ішінде смарт-фермалар саны – 11. Биылғы жылдың соңына қарай жалпы өнім көлемі 750 млрд. теңгеге жетеді.


– Біздің ауыл шаруашылығы салында жоспарымыз көп. Қазіргі уақытта біз «Baumann», «Farm Fritеs», «Magnum», «KUSTO» сияқты ірі халықаралық компаниялармен жұмыс істеп келеміз. Облыста ет, соя және басқа да өнімдерді өңдейтін ірі кәсіпорындар салынады және таяу арада, егер осының барлығы іске асырылса, агроөнеркәсіп кешені күшті қарқын алады, – деп атап өтті А. Баталов.

 

Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x