Нұр-Сұлтанда «Музейлер парады» акциясы өтуде

Dalanews 04 қар. 2019 04:22 207

Нұр-Сұлтанда «Музейлер шеруі» акциясы шеңберінде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде «Халық дәстүрі – асыл қазына» атты шарасы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараның мақсаты: қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, оқушылардың бойына  отансүйгіштік, адамгершілік  қасиеттерін қалыптастыру, тәрбиелік мәні бар салт-дәстүрлерді бойына сіңіру.

Оған Ақмол ауылы мәдениет үйінің «Әжелер» хор ансамблі, «Малиновка» іздеу тобы (Ақмол ауылының № 5 орта мектебінің 4-5 сынып оқушылары), «АЛЖИР» мұражайының ұжымы және ауыл тұрғындары қатысады. Келушілерге ұлттық дастархан жайылып, салт-дәстүрлерден көрініс қойылып, ұлттық ойындар ойнатылады. Сондай-ақ қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша қазақ,  орыс тілдерінде экскурсия өткізіліп,  «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетіледі.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x