Алдағы жылы Нұр-Сұлтанда көру қабілеті бұзылған балаларға арналған балабақша ашылады

Dalanews 20 қаз. 2019 14:10 229

2020 жылы елордада зағип балаларға арналған балабақша ашылады. Қаланы кешкілік аралау кезінде елорда әкімі Алтай Көлгінов көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақшаның құрылысымен танысты.

Мемлекет ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау мәселелеріне ерекше көңіл бөліп келеді. 90 орындық мекеме Сарыарқа ауданында орналасқан (Тұран даңғылы мен к. Күмісбекова).

Балабақша көру қабілеті бұзылған, сондай-ақ көру қабілетін жоғалтқан балаларға арналған. Нысанды келесі жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Бұдан басқа, елордада көру қабілеті бұзылған балаларға арналған 2 балабақша жұмыс істейді, жаңа ғимарат ерекше қажеттіліктері бар балаларды қамтуға бағытталған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x