Елорда екі оңалту орталығы салынады

Dalanews 23 қаз. 2019 09:29 211

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов қабылдауға жазылған азаматтармен кездесті. Бұл жолғы кездесуде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалтуды ұйымдастыру, атаулы әлеуметтік көмек алу, сауда орындарын ашу, жұмысқа орналасу және тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мәселелері көтерілді.

Бүгінде қалада мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға ерекше көңіл бөлінуде. Алдағы уақытта елордада екі оңалту орталығы салынбақшы. Сондай-ақ, тұрғын үйлердің құрылысы барысында бірінші қабаттарда емхана, балабақша, оңалту орталығы сияқты әлеуметтік нысандарды ашу көзделуде.

Үкіметтік емес ұйымдармен кездесу барысында Алтай Көлгінов әкімдік ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталықтары желісін кеңейтуде қолдау көрсететінін атап өтті.


Азаматтарды қабылдау барысында ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған Ақмарал есімді ана медициналық көмек мәселесін көтерді. Сұрақ жұмысқа алынды. Инватакси санын 33-тен 50-ге дейін арттыру жоспарлануда. Үш ай ішінде елорда әкімі Алтай Көлгінов 500-ден астам адамды қабылдаған. Азаматтарды қабылдау апта сайын өтеді.

Келіп түскен әрбір өтініш бойынша жұмыстар жүргізіледі. Тұрғындарды қабылдау аудандық әкімдіктерде және «Жанұя» отбасы институтының қолдау орталығында өтеді. Орталықта «бір терезе» қағидаты бойынша қала тұрғындарына 70-тен астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Орталық ашылған сәттен бастап 8 апта ішінде мамандар 4,5 мыңнан астам адамды қабылдады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x