Елордада үздік әлеуметтік қызметкерлер марапатталды

Dalanews 24 қаз. 2019 12:56 194

«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби мерекесі – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлеренің күнімен құттықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әлеуметтік қызметкерлерді елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен құттықтады.

– Бүгін елорданың 157 мың тұрғыны түрлі әлеуметтік көмекті алып, қолдауға ие болып отыр. Олар – соғыс ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, аз қамтылған отбасылар, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар және көмекке мұқтаж барлық азаматтар. Бұл жұмыс жан жылуын, жауапкершілігі мен жоғары біліктілікті қажет етеді, – деді Б.Мәкен.

Ол барлық әлеуметтік қызметкерлерге қоғам үшін істеп жатқан маңызды еңбектері үшін алғыс айтты.

Қазіргі күні қаланың әлеуметтік қорғау саласында мыңға жуық маман жұмыс істейді. Олар күн сайын түрлі бағыт бойынша көмек көрсетеді.

Сала өкілдерін марапаттау салтананында «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі ең үздік әлеуметтік қызметкер» байқауының жеңімпаздары анықталды. Оларға ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен қала әкімінің алғыс хаттары табысталды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x