Шығысқазақстандық аналар шағын бизнес ашуға ниетті

Dalanews 23 қаз. 2019 07:40 306

Жақында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіпкерлер палатасында «Еңбек» жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында берілетін гранттарды тарату бойынша арнайы комиссияның отырысы болып өтті. Бұл жолы 450 ШҚО тұрғыны кәсіпкерлікпен айналысуға ықаласы танытып, өтінім беріпті.

Өтінім берушілердің арасында көпбалалы аналардың да үлесі жоғары екенін айта кетуіміз керек. Осылайша алтын құрсақты аналар да шағын бизнеспен айналысып, тұрмысын түзетудің маңызы зор екенін түсінген.

Мәселен, Риддер қаласының тұрғыны, көпбалалы аны Татьяна Абашина «Бизнес кеңесші» және «Жас кәсіпкер» курстарын оқып, бизнеспен айналысудың қыр-сырын меңгеріпті. Ол кәсіпкерлікпен айналысып, отбасының тұрмысын түзеуге болатынан түсінгеннен кейін, жұбайының бизнеске қатысты арнайы курстан өтуге үгіттеп көндіріпті.

Қазіргі таңда отбасылық жұп мемлекеттің қолдауына сүйеніп 505 мың жеңілдетілген несие алуға құжат тапсырып, ниеттеніп отырғандарын алға тартыпты.


Кәсіпкерлер палатасының кеңсесіне жаса баласын жетектей келген тағы бір ана егер байқауда сәтті өтіп, грантқа ие болса, аяқ-киім жөндеп, кіліт жасайтын шағын бизнесті бастауды көздеп отырғанын тілге тиек етті. Осылайша шығысқазақстандық аналар 2021 жылға дейін қабылданған «Еңбек» жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қолдауына сүйеніп шағын бизнестерін ашуға талаптанып отыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x