Back
| DalaNews

Жас кәсіпкерлерге грант бөлуде Шығыс Қазақстан көш бастап тұр

2019 жыл ҚР Тұңғыш Президентінің бастамасымен «Жастар жылы» деп жарияланды. Үкімет жол картасын қабылдады, онда жастарға қолжетімді тұрғын үй беру, білім беру, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту және үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру бойынша іс-шаралар қарастырылған.

Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы мен «Жастар жылына» арналған іс-шаралардың өту барысы жайында Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының Жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Есімбекова баяндап берді.

Қазіргі таңда облыс бойынша 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 260 мың, олармен 20 жастар ресурстық орталығы жұмыс жасайды (1 облыстық және 19 қалалық/аудандық).

9 айдың қорытындысы бойынша облыс бойынша жұмыссыз жастар саны 3,5% құрайды, республика бойынша орташа көрсеткіш – 3,7%.

Жастар арасында жұмыссыздықты азайтудың бірден бір жолы – жастар кәсіпкерлігін дамыту. «Zhas Project», «Жас кәсіпкер», «JasA» жобаларының аясында жастар өз кәсіптерін бастап, өздері қатарлас жастарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік алды.

2018 жылдан бастап «Zhas Project» жобасын іске асыру аясында Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігі 491 адамды қамтыған 265 млн.теңгеге 149 әлеуметтік жобаны қолдады.

Бүгінгі таңда аталған жобалардың 80% жеке кәсіптерін дамытып, жұмыстарын жалғастыруда.

Биылғы жылы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының «Жас кәсіпкер» пилоттық білім беру жобасының арқасында 1074 адам кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алып, олардың 824-і бизнес-жоспарларын қорғап, ал 330-ы 505 мың тенге көлеміндегі грант иегерлері атанды. Жыл аяғына дейін 1300 грант бөлу жоспарлануда.

Жастар қызметкерлері қауымдастығы іске асырып отырған JasA жобасының арқасында облыста 57 жас кәсіпкерге әрқайсысы 610 мың теңгеден қаржылай грант беру мақұлданған. Бұл еліміздегі үздік көрсеткіш.

Бүгінгі таңда грант иегерлері қаржыландыруды күтуде.

2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 14 пен 29 жас аралығындағы жастар арасында құқықбұзушылық көрсеткіші 38,6% төмендеген (4337-ден 2661-ге).
Отырыс соңында Семей қаласының білім бөлімінің басшысы Н. А. Фесенко Семей қаласының мектепке бармайтын екі оқушымен жүргізілетін жұмыстар және ата-аналарға қатысты қабылданған шаралар туралы айтты. Ата-аналардың конституциялық міндеті бар, олардың борышы-баланың міндетті орта білім алуын қамтамасыз ету.

Осы міндеттерді бұзған жағдайда, ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, тіпті ата-аналар құқығынан айырылуы мүмкін. Біздің жағдайда, әкімшілік кодексінің 127 бабы бойынша жауапкершілікке тарту үшін материалдар сотқа жіберілді.