Шығыстың табиғат жанашыры 80 жаста

Dalanews 11 қаз. 2019 13:46 189

Шығыс Қазақстан облысындағы Достық үйінде белгілі ғалым-орнитолог, өлкетанушы һәм жазушы Борис Щербаковты шығысқазақстандықтар 80 жастық мерейтойымен құттықтады.

Табиғат жанашыры Борис Щербаков өзінің саналы ғұмырын Шығыс Қазақстан облысының тұмса табиғатын дәріптеуге арнаған өлкетанушы.

Жиналған қауым Достық үйінің фойесінде өлкетанушының өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін көрмені ташалау мүмкіндігіне ие болды. Көрмеге қойылған фотолар мен бірқатар күнделік дәптерден Борис Щербаковтың қаншалықты табиғат жанашыры болғанын анық байқауға болады.

Белгілі ғалым-натуралист өзінің саналы ғұмырын аймақтың биоалуандығын сақтап, дамытуға арнады. Айталық, Борис Щербаковтың бастамасымен Батыс-Алтай қорығы құрылып, аталған аймақта 10 жылға дейін (2017 жылдан бастап) аңшылық жасауға тыйым салынған болатын.


Сонымен қатар Тарбағатай және Марқакөл табиғи қорығының құрылуына да бір кісідей атсалысқаны белгілі. Тағыда айта түссек, Борис Щербаков Риддер ауданында ағаш кесу ісіне да тосқауыл қоюға үлес қосты.

Көрмеден өлкетанушы-ғалымның 300-ден астам экспедицияларға қатысып, Қазақстан, Орталық Азия, Алтай, Үндістан, Вьетнам сынды елдерді аралғанын байқауға болады.

Ол жазушылық қасиетінің арқасында 20-дан астам ғылыми-көпшілік және  көркем әдеби кітаптардың авторы атанғанын айта кетуіміз керек.

Алқалы басқосуда мерейтой иесін облыс әкімі Даниал Ахметовтың атынан ШҚО Мәслихатының хатшысы Владимир Головатюк құттықтады.

– Бүгін біз үшін үлкен қуаныш. Облыс әкімі Даниал Ахметовтың жүрекжарды лебізін қабыл алыңыз. Сіздің саналы ғұмырыңызға көз салған адам қамшының сабындай қысқа өмірді мәнді, сәнді өткізудің қаншалықты маңызды екенін түсінер еді. Шығыс Қазақстан облысының табиғатын қорғауда сіздің сіңрген еңбегіңіз ұшан-теңіз. Сіз табиғат жанашыры ретінде жас ұрпаққа қоршаған ортаны аялаудың қаншылықты маңызды екенін нақты іспен дәлелдеп көрсеттіңіз, – деп мәслихат хатшысы жүрекжарды лебізін айтты.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x