Арыстың инфрақұрылым жұмыстары реттелді

Dalanews 04 қаз. 2019 09:13 210

Арыс қаласындағы инфрақұрылымды реттеу барысында қаладағы кәріз жүйелері толық жөндеуден өтті.

Кәріз жүйелерінде 6 кәріз суын айдау (ГКНС, №1, №2, №5, №7 және «Көктем») нысандарында төменде көрсетілген ағымдағы жөндеу жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, негізгі және кәріз суын айдау стансаларында әрлеу жұмыстары аяқталып, қондырғылар (дизелді генераторлар, электротельферлер, ауа айдағыштар, газоанализаторлар, сырмалар) орнатылуда. Қосымша үлкен кәріз суын айдау қондырғылары орнатылды.

Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде Арыс көшелеріне де зақым келгені белгілі. Осы олқылықтың орнын толтыру барысында 37 көшеде асфальт салу, аяқжол салу жұмыстары аяқталды. 3 көшеде (КХ-128 а/ж, Ахынбеков, Қонаев) атқарылатын жұмыстардың ауқымды болуына байланысты жұмыстар жалғасуда. 16 көшенің аяқжол салу жұмыстары аяқталып, жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 6 көшеде жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы көшелерді жөндеу, жарықтандыру, аяқжол салу жұмыстарының 80 %-ға жуығы орындалды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x