Әйелдер арасындағы волейболдан «Алтай» командасы үшінші рет Қазақстан кубогін ұтты

Dalanews 24 қыр. 2019 11:56 289

Шығысқазақстандық «Алтай» волейболдан әйелдер командасы айды аспаннан шығарып, үшінші рет Қазақстан Кубогін ұтып алды. Осылайшы Шығыстың арулары қолдобы бәсекесінде еліміз бойынша өздеріне бәсекелес жоқ екенін тағы бір мәрте рет іспен дәлелдеді.

«Алтай» командасы ақтық сынды Керекудің «Ертіс-Қазхром» командасын күш сынасып, үш ойын нәтижесінде 3:0 есебімен ұтты.

Тартысты ойынды тамашалағанымызда қос командада барын салып ойнағаны байқадық. Бастапқыда алтайлықтар оң жақ қапталдан шабуыл ұйымдастырып, алғашы салымда алға шықты.

Бұдан кейін Павлодар облысынан келген командасы да намысқа тырысып, екінші ойында өз пайдаларына шешуге тырысты. Ойын барысында «Ертіс-Қазхром» командасы 17:23 есебімен алға шыққан кезі болды.

Бірақ «Алтай» командасының кәнігі ойыншылар ойын барысын дереу өз қолдарына алып, есепті 24:24 жеткізді. Бұдан кейін алтайлықтарды тоқтату мүмкін болмады. Ойынның соңғы минутында есеп 31:29 көрсетіп, «Алтай» командасының алға шықты.

– Бұл мен үшін күтпеген үлкен қуаныш болды. Қазақстанның волейболдан құрама командасымен бірлесіп жаттықанымыз өз нәтижесін берді. Бұл жерде бапкеріміздің еңбегі зор. Ол кісі ойын барысында әрбір ұсақ-түйекке мән береді. Бірақ эммоцияға беріліп, айғайға басқан кезін көрмедік, – деп «Алтай» командасының ойыншысы Кристина Белова өздерінің жеңіске қалай жеткенін қысқаша айтып берді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x