Алтай Көлгінов: "Балалар спорт айналысу үшін барлық жағдайды жасаймыз"

Dalanews 13 қыр. 2019 16:05 248

Қала әкімі А. Көлгінов қаланың спортшыларымен кездесті. Кездесуде спортты дамыту, спортшыларды жарыстарға дайындау үшін жағдай жасау, мекемелердің материалдық-техникалық базасын жөндеу және нығайту мәселелері көтерілді.

Спортшылар күрес, көркем гимнастика, садақ атудан спорт залдарының жетіспеушілігін атап өтті; "Алатау" спорт кешенінде душ жұмыс істемейді, кейбір мекемелерде ерекше қажеттіліктері бар спортшылар үшін лифт жоқ.

Қала әкімі спортпен айналысу үшін жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Елбасы мемлекеттің басты басымдығы ұлт денсаулығы екенін айтты. Президент халыққа Жолдауында жастарды спортпен айналысуға шақырды. Балалар спортпен аулада шұғылданып бастайды.

Қазір қаланың тұрғын үй алабында спорт алаңдарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қаланың барлық аудандарында 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жоспарланған.

Бүгін мен сіздерден 16 ұсыныс естідім, барлық сұрақтарды мұқият зерттейміз. Айта кету қажет, елордада спорттық кластер пайда болды, сондықтан да спорттық инфрақұрылыммен айналысу қажет.  


Бірақ инфақұрылым тек қана бюджет есебінен ғана емес, сонымен қатар инвесторларды тарту және федерация есебінен де салынуы тиіс. Қалада спортты дамыту үшін түрлі іс-шаралар өткіземіз. Жақында күрес бойынша әлем чемпионаты өтеді. Біз сіздің тілегіңізді ескере отырып, елімізде спорттың және спортсмендеріміздің дамуына қолдау көрсетеміз", - деді кездесу барысында елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Қала әкімі мұндай кездесулер тұрақты түрде өткізілетінін айтты. Спортшыларға табыс пен үлкен жетістіктер тіледі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x