Нұр-Сұлтандағы жәрмеңке: Ақтөбе және Қызылорда өз өнімдерін ұсынды

Dalanews 22 қыр. 2019 13:28 139

21-22 қыркүйек күндері Ақтөбе және Қызылорда облыстарының тауар өндірушілері елордада өтіп жатқан жәрмеңкеде өз өнімдерін ұсынуда.

Қала тұрғындары азық-түлікті төмен бағамен сатып ала алады.

Елорда қонақтары мен тұрғындары үшін  Ақтөбе облысы 214 тоннадан астам өнімдерін ұсынды: еттің бірнеше түрі - 65 тонна, картоп пен көкөніс - 85 тонна, сүт өнімдері - 10 тонна, балық-3 тонна және т. б. Қызылорда облысының сөрелерінде жалпы көлемі 270 тонна өнімнің 40-тан астам түрі көрсетілген.



Елорда тұрғыны Алмагүл Оразымбетова осындай жәрмеңкелерге әр демалыс күндері қатысуға тырысатынын атап өтті.



"Жәрмеңкелердегі азық-түліктің бағасы нарықтық бағадан төмен, ассортименті үлкен. Сүт өнімдерін, ет пен көкөністерді сатып аламын", - деді А. Оразымбетова. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері әр демалыс күндері 28 қазанға дейін ("Хан Шатыр" СОО жанындағы алаңда) өтеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x