«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы іске аспақ

Dalanews 11 қыр. 2019 01:38 364

Алдағы  10 күнде Түркістан облыстық «Nur Otan» партиясы облыстық филалының «Open space» форматында «Азаматтарды қабылдау орталығы» өз жұмысын бастайтын болады.

Бұл туралы Кентау қаласы Қарнақ ауылы тұрғындарымен кездесуінде Түркістан облыстық «Nur Otan» партиясы облыстық филалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев  бастауыш партия ұйым өкілдерімен кездесуде мәлім етті.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын насихаттау кездесуі өзгеше форматта өтті. Бұл жолғы кездесу 5 гектар жерді игеріп, алма мен жүзім, өріктің түр-түрін халыққа ұсынып келе жатқан  «Мырза» шаруа қожалығында ұйымдастырылды. Кездесуге Кентау қаласы партия филиалының басшылары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, ауыл тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде сөз алған Бейсен Дәулетұлы Жолдаудағы негізгі басым бағыттарға арнайы тоқталды.

– Президент Жолдауда үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігін арттырып,  қоғамдық ашық диалогтық алаңын құрып, өзара пікір-сайыстар өткізу жөнінде баса айтты. Бүгінгі кездесуіміз осы форматта еркін әрі өзгеше жағдайда яғни шаруа қожалығында өтіп отыр. Алдағы уақытта біз мұндай кездесулердің көптеп өткізу арқылы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға ықпал ететін боламыз. Сондай-ақ, өңір халқының өтініштерін күнделікті тыңдап, тиісті органдар арқылы мәселелерді тұрақты түрде шешуге мүмкіндік аламыз. Алда облыс әкімі, филиал төрағасының тапсырмасымен әкімдік жанынан «Азаматтар өтініштерін бақылау»  бөлімі іске қосылғалы отыр. Аталған бөлім арыз-шағымдарды мерзімінде қарап, жауап берілуіне бақылау жасайтын болады. Ал, облыс әкімдігі аппаратының бөлімдері жауаптың сапасын тексереді. Яғни, біздің мақсатымыз-түскен арыз-шағымдар көлемін азайту, – деді Бейсен Дәулетұлы.

Кездесу барысында насиxаттық топ өкілдері ауыл шаруашылығын дамыту, атаулы әлеуметтік көмек, шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау білдіру мақсатындағы облысымызда қолға алынғалы отырған жұмыстарды да тілге тиек етті.

Өз кезегінде сөз алған ауыл тұрғындары да Жолдауда көңілге қонымды болған негізгі басымдықтарды атап өтті.

Айта кетейік, Жолдауды халық арасында кеңінен насихаттап, халықтың мұң-мұқтажына назар аударып, мәселесін анықтау мақсатында өңірдің барық ауыл-аймақтарында партия филиалдары күнделікті тұрғындармен кездесулер ұйымдастыруда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x