Nur Otan – Turkistan: Біліктілікті арттыру семинары өтуде

Dalanews 09 қыр. 2019 06:18 188

Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы қызметкерлерге арналған біліктілікті арттыру семинар-кеңесін өткізуде.

Шараның мақсаты – партия мүшелерін халықпен кері байланыста, антикризистік ситуацияда өзін ұстау, сөйлесе білу мәдениеті бойынша біліктілігін арттыру.

Бұл туралы облыс әкімі, филиал төрағасы Ө.Шөкеев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңес мәжілісінде тапсырған болатын.

Семинарда партиялықтар «Стартегиялық менеджмент», «Стратегиялық құжаттарды талдау және қолдану» және «Жаңа ақпараттық медиа-технологияларды тиімді басқару», «Эмоционалды интелект», сонымен қатар, «Сторителлинг», «Сараптау негіздері» тақырыбында дәріс тыңдады.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаевтың айтуынша семинардың қажеттілігі мен маңыздылығы зор: «Қоғам күнделікті дамып отырған сәтте, мұндай біліктілікті арттыру тетігі бізге қажет. Біз түрлі мәселелер бойынша халыққа қызмет көрсетіп, мәселесін қараймыз. Ал, бұл сәтте заманауи механизмдер мен жаңаша бағытта стратегия құра білу-біздің қызметкерлердің міндеті. Сол себепті, мұндай біліктілікті арттыру семинарларынан күтілетін нәтиже оң болары анық" - деп атап өтті.

Семинарды Нұр-Сұлтан қаласынан келген Мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы, бизнес-аналитик, коуч-тренер Ыдырысова Айнұр Маратқызы өтуде.

Аталмыш семинар екі күнге жоспарланған. Аудан, қалалық филиал қызметкерлері мен облыстық филиал қызметкерлері үшін.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясы «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» қайта жандандыру бағдарламасымен жаңғыру кезеңін бастап, жаңа жобалар мен замануи жүйе тетігін қалыптастыруда. Мәселен, облыстық партия филиалы ашық форматқа көшіп, қоғамдық қабылдауды әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы көрсетуді қолға алды. Енді азаматтар әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы кез-келген уақытта арыз-шағымын қалдырып, нақты жауап ала алады.

Семинар нәтижесінде қызметкерлер үшін арнайы рейтинг жасалып, қызмет сапасы артпақ.



«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз-қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x