Мақтааралдықтар Жолдауын зор ықыласпен қабылдады

Dalanews 04 қыр. 2019 05:54 213

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауын Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының ұжымы арнайы ұйымдастырылған эфирден тамашалады.

Аппарат қызметкерлері Президенттің Жолдауында айтылған тың бастамаларды зор ықыласпен қабылдады. Әсіресе, «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» атты бөліміндегі әлеуметтік салалар мен халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған жоспарларды жергілікті жерде орындауға құлшына кірісетіндіктерін  айтты.

Айта кетейік, Президенттің Жолдауын Мақтаарал ауданының дербес бөлімдері, кенттер мен ауылдық округ әкімі аппаратының ұжымдары және басқа да мемлекеттік мекемелер мен жекеменшік мекемелердің ұжымдары жұмыс орындарында тамашалап, өзара пікірлер алмасты.

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Қазақстан халқына арналған тұңғыш Жолдауында еліміздегі маңызды жайлар толық қамтылғанын көріп риза болдым. Әсіресе, Президентіміздің орта және шағын бизнестің дамуына жасалған кез келген кедергілерді мемлекетке қарсы жасалған қылмыс ретінде қабылдау керек деген сөзіне дән риза болдым. Бұл – әсіресе мен секілді ауыл шаруашылық саласында кәсіпкерлікпен айналысып жатқан азаматтар үшін ерекше маңызды деп есептеймін. Сондай-ақ, орта және шағын кәсіпкерлікке жаңа серпіліс беріп, тың жобаларға екпін беріп, Үкіметке «Бизнестің жол картасы» аясында алдағы үш жылда қосымша 250 миллиард теңге қаржы бөлдіру жөніндегі тапсырмасы кәсіпкерлік үшін үлкен қолдау деп есептеймін, – деді Достық ауылында тұратын «Шаруа» шаруа қожалығының төрағасы Зиядин.

Президентіміз Қ.Тоқаев Жолдауында түрлі мәселелер, соның ішінде мемлекеттік тіл, мемелекеттік қызмет, азаматтық қоғам, этносаралық татулық сияқты бірқатар тақырыптар қозғалды. Алдағы жылы аталып өтетін маңызды мерей тойлар мен елеулі оқиғаларға дайындық жұмыстары басталғандығын айта келе, келер жылы бәріміз Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық, Абай Құнанбаев атамыздың 175 жылдық мерейтойларын атап өтілетіндігін мені ерекше қуантты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы мұғалімдердің мәселесін де назардан тыс қалдырмай, “Педагогтардың мәртебесі туралы” жаңа Заң қабылдауды тапсырғанын – барлық ұстаздар қауымы зор ықыласпен қабылдады. Өз кезегінде Мақтаарал ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің меңгерушісі У.Исламова да өз ойын ортаға салды.

– ҚР Президенті К.Токаев 2019 жылғы 2-қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында – Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек екенін Президент ескертті. Сондай-ақ, ең маңызды мерекеге – Тәуелсіздіктің отыз жылдығына байланысты тиісті іс-шараларды іске асыруымыз қажеттігін айтты. Ел өміріндегі осындай елеулі оқиғалар жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге жол ашатынына сенімдімін.

Жолдауында Президент мектеп бітірушілердің қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру ең негізгі мәселе екендігіне, яғни орта білім берудің ұлттық стандарты болып табылатынын айтты. Сондай-ақ, қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білімнің сапасы алшақтап баратындығын, білікті педагог кадрлардың тапшылығы, оқушылардың білім сапасына тікелей әсер ететіндігін тілге тиек етті. Бұл бастамаларды мақтааралдықтар қолдайтындықтарын ашық айтты.

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x