«Мен бәрін көріп, талдап отырамын»

Dalanews 28 мау. 2019 07:27 172

Павлодар облысының әкімі Saida Plaza сауда және ойын-сауық орталығының банкет залында әртүрлі басылымдардың, ақпараттық агенттіктердің, радио және телеарналардың басшылары мен тілшілерін, сондай-ақ ардагер журналистер мен баспасөз қызметкерлерін жинады.

Болат Бақауов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, журналистерге жақсы жаңалықтар тіледі.

– Еліміздің президенті бірнеше күн бұрын осы мерекені байланыс қызметкерлерінен бөліп, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері үшін жеке күнді белгіледі, – деді Болат Бақауов. – Бұл өте уақытылы жасалған қадам. Уақыт бір орында тұрмайды.

Бүгінде 10 жыл бұрын жарық көрген ескі газеттерді оқыған қызықты, өйткені барлық мақалалар күлкілі болып көрінеді. Себебі болашақ қарқынды дамып келеді. Саясаткерлер – болашақпен, тарихшылар – өткен кезеңмен, ал журналистер бүгінгі күнмен жұмыс жасайды.

Сондай-ақ облыс әкімі бұқаралық ақпарат құралдарындағы сынға қалай жауап беретінін айтты.

– Сіздердің сыни материалдарыңыздың ішінен біз талдау жасаймыз, мәселені зерттейміз, – деді әкім журналистерге. – Біз шыбын-шіркейді жеңе алдық па, жоқ па? Соны білгім келеді.

Мен бұл тұрғыда пікір екіге бөлінетінін білемін, өйткені оны аяғына дейін жеңу мүмкін емес. Көптеген өткір сұрақтар әрдайым туындайды.

Қазір Назарбаев даңғылындағы велосипед жолдары туралы әңгіме жүріп жатыр. Ал жол бөлігін тарылтқан дұрыс па? Кенеттен біреуді қағып кете ме?

Бірақ уақыт бір орында тұрмайды, біз халықаралық тәжірибені қолданып, өмірді жақсырақ етуге тырысамыз. Оған сіздердің көмектеріңіз зор. Сіздер әкімде уақыт жоқ деп ойламаңыздар, мен бәрін көріп, талдап отырамын.
Журналистиканың ардагері Ғалия Балтабай облыс әкімін бүгін атап өтетін туған күнімен құттықтады.

БАҚ-тың үздік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алғыс хаттар, құрмет грамоталары, алғыс хаттар, сондай-ақ облыс әкімінің гранттары табыс етілді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x