Семейде "Домбыра күнінде" өмірге келген сәбиге ұлттық аспап сыйға тартылды

Dalanews 07 шіл. 2019 08:58 200

Жыл сайын Семейде Ұлттық Домбыра күні кеңінен аталып өтіледі. Мейрам қарсаңында Перинатарлық орталықта дүниеге келген сәбиге ұлттық аспап сыйға тартылды.

Бұл сыйлықты қалалық Достық үйі жасады. 

- Төртінші баласын дүниеге әкелген сәбидің анасын шын жүректен құттықтап, Домбыра күніне орай  ұлттық аспапты сыйлаймыз, - деді қалалық Достық үйінің басшысы Надежда Шарова.

Қуа
ныш иесі Жарма ауданы Шар қаласының тұрғыны Альмира Рахметжанова сәбиінің есімін Заңғар деп қойды. Ол баласының дәл мереке күні дүниеге келетінін күтпегенін айтты.




- Домбыра мейрамы күні дүниеге келген баламның музыкант болады деген көптің ыстық лебіздерін естіп қатты қуанып жатырмын. Алайда, оны болашақта әділдіктің нышаны болсын, сот төрағасы болсын деп есімін ырымдап Заңғар деп қойдық,- деді А. Рахметжанова.



Перинитарлық орталықтың ұжымы да шет қалмай, сәбиге бала төсегін сыйлады.

Мерекелік шара «Бейбітшілік» аралында жалғасын тапты. 200-жуық домбырашылар  7 танымал күйді орындап, халықты өнерлерімен тәнтті етті.



Қала тұрғындары Абай мен Құрманғазының шығармаларын тыңдап қана қоймай, домбыра аспабына арналған мастер-кластарға қатысып, музыкалық аспаптардың көрмесін тамашалады.



Ал, кеш соңы  Ертістің оң жағалауында өтетін «ЯРКОкросс», «Асық» және «Домбыра party» жастар марафонымен тәмамдалатын болады. 



 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x