Күршім ауданында жергілікті сүт өңдеу зауытының өнімдері сатыла бастады

Dalanews 06 мау. 2019 04:41 190

Күршім ауданының сүт өңдеу зауыты өз өнімдерін сатылымға шығарды. Бұл туралы аудан әкімі Дулат Қажанов мәлімдеді.

- Қаратоғай ауылындағы сүт өңдеу заутының өнімдері ауданымыздың дүкен сөрелерінде сатыла бастады.

Өткенде аталмыш зауыттың іске қосылғаны туралы хабарлағанымызда көптеген жерлестеріміз өнімді алуға асығып, қайда саудаланатынын сұраған болатын.


Табиғи таза, сапасы жоғары, бағасы қолжетімді сүт өнімдерін ауданымыздағы дүкендерден сатып алсаңыз болады, - деп жазды аудан әкімі әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x