Шығыста 33 мың оқушы тегін мектеп формасы және ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі

Dalanews 24 мау. 2019 03:03 139

Шығыс Қазақстанда көпбалалы отбасылардың мәселесі бойынша облыстық комиссияның кеңейтілген жиыны өтті.


Облыс әкімі Даниал Ахметов ауылдық жерлердегі 230 көпбалалы жанұяға бюджеттен тыс қаражатқа алатын 230 үйді комиссия тексеріп шыққанын айтты.

Олардың 196-ы ауылдық жерлерде орналасса, 34 үй төрт аудан орталығында. Жалпы сомасы 558,5 млн. теңгені құрайды. Аудандық комиссия мүшелерінің мәліметінше, барлық көпбалалы отбасылары үйлермен жеке танысып, болашақ баспаналарын өздері таңдап алды.

[perfectpullquote align="full" bordertop="false" cite="" link="" color="" class="" size=""]Жиналыс барысында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларын қолдауға бағытталған аймақтық бағдарламаның жүзеге асу барысын басқарма басшылары баяндады.
[/perfectpullquote]

Мамырдан бастап балабақша ақысынан 3518 көпбалалы отбасы мен білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары босатылды.

Жаңа оқу жылында тегін мектеп формасымен және ыстық тамақпен 33583 оқушы қамтамасыз етіледі. Айта кету керек, облыстың барлық мектептері үшін түсімен ғана ерекшеленетін бірыңғай форма бекітілді. Сондай-ақ, 900-ден астам көпбалалы отбасындағы түлектер колледждерге тегін оқуға түсуді жоспарлап отыр.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x