Ақылы медициналық анықтама бланкасының бағасы реттелмеген

Dalanews 15 мам. 2019 04:21 316

Таяуда «Жасырын сатып алушы» тәсілімен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментімен Жетісай аудандық орталық, Асық ата,  Атакент, Мырзакент, Мақтарал аудандық емханаларында сондай-ақ, Төлеби аудандық, Ленгір қалалық және Сайрам аудандық орталық емханаларында қоғамдық бақылау жүргізілді.

Нәтижесімен кейбір ұйымдардың кассасында №086/е медициналық тексеруден өту парақшасы (бланка) әр түрлі бағамен сатылып жатқаны анықталды.

Атап көрсетсек, Төлеби аудандық емханасында анықтама бланкасы 1420 теңге, ал Мырзакент емханасында 2400 теңге, сондай-ақ, Жетісай және Сайрам аудандық орталық емханаларында 3000 теңге көлемінде сатылуда.

Осы бағыттағы жұмыстарда орын алған кемшіліктерді қалпына  келтіру  үшін Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасына №086е үлгісіндегі қағаз түріндегі анықтамаларды түпкілікті  жойып,  бекітілген стандарттар талаптарына сәйкес, электронды бланкіге көшіру туралы арнайы ұсыныс хат жолданды.

Айта кетейік, осы енгізілген ұсынымдардың орындалуы бойынша пост-бақылау жұмыстары Департамент тарапынан жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x