«Қазмия» зауыты алғашқы өнімін Жапонияға жөнелтті

Dalanews 21 сәу. 2019 10:53 342

Жамбыл облысының Шу ауданында көп өсетін өсімдіктердің бірі – мия өсімдігі. Ал оның адамзат үшін пайдасы белуардан екені әлдеқашан дәлелденіп қойған. Бүгінгі күні ғалымдар аталмыш өсімдіктің тамырында сан алуан емдік шөптердің бар екенін дөп басып айтып отыр. Міне, тамыры табысқа толы осындай мия өсімдігін керегіне жаратып, одан мол өнім алып отырған өндіріс орнының бірі – Шу ауданында орналасқан «ҚазМия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Әлемдік инновациялық экономикаға қосылуда елімізде қолға алынып, жүзеге асырылып жатқан «Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаның» орны айрықша. Аталған бағдарлама аясында республикамыздың түкпір-түкпірінде үлкенді-кішілі бірқатар жобалар жолға қойылып, бүгінде жасалған жұмыстың нәтижесі де айқын болып отыр. Сол бағдарламаның аясында тірлігін тіктеп отырған аталмыш өндіріс орнының құрылысы 2014 жылы басталған болатын. Жобалық құны 900 миллион теңгені құрайтын зауыт жылына 2500 тонна мия тамырын өңдейді деп жоспарланған. Сонымен қатар, зауыттың құрылысы да жапондық инвесторлардың қолдауымен жүзеге асқан еді.«ҚазМия» ЖШС-нің директоры Олжас Әбдешовтың айтуынша қазіргі кездекәсіпорынның иелігінде кептірілген мия тамырын сақтауға арналғансыйымдылығы 400 тонна болатын арнайы қойма бар. Тағы бір айта кетерлігі, аталмыш зауыт өткен жылдың маусым және тамыз айларында екі мәрте 22 тонна 800 килограмм көлемінде өндірілген өнімді Жанопия мемлекетіне экспорттапты.Сонымен бірге, мұндағы жұмысшылардың дені жергілікті тұрғындар екен. «Жалпы зауытта 20-дан аса жаңа жұмыс орны ашылды. Олардың ішінен 3 инженерді сырттан шақырттық. Қызметкерлеріміздің дені «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында келуде.

Негізі өндіріс орны мия тамырының ұнтақ түрінде шығарады. Одан бөлек мия тамыры экстрактісінің тағы бір түрі бар, ол қою болып келеді. Бұл қою экстракт еліміздің дәріханаларында жөтелге қарсыем ретінде сатылып жатыр. Бірақ біздің шығарып жатқанымыз - ұнтақ түріндегі шикізат. Қою экстракті шығару үшін жапондықтар өнімді өңдейтін зауыттарын облысқа көшіру туралы 2015 жылы облыс әкімдігімен бір мәмілеге келген болатын. Алайда екінші зауытты мұнда әкелу үшін, алдымен біріншісін аяғына тұрғызып алуымыз керек. Осы мақсатта қазір аянбай тер төгіп жатырмыз. Егер жоспарымыз жүзеге асып, екінші кәсіпорын бой көтеретін болса, В гепатиті, көз аурулары сынды дерттерге қарсы емге қолданылатын моноаммониум глицирризинат деген бағалы өнім шығаруға мүмкіндік туады. Әзірге келісілген меморандумға сай, жапондықтар шикізатымызды дәріге айналдырып, ел тұрғындарына қолжетімді бағамен сатуға уәде етіп отыр. Одан кейін дәрі түрлерін өзіміз де шығаратын боламыз», - дейді ол.

Әулиеата өңірінің әлеуетін арттыруға күш салып жатқан аталмыш кәсіпорынға билік тарапынан да көп көмек көрсетіліпті. Мәселен, «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен 60 миллион теңге бөлініп, инфрақұрылым жүргізуге көп демеу болыпты. Серіктестік директорының сөзіне сенсек, олар жапондық әріптестерімен біріге отырып, көршілес елдерде орналасқан мия тамырын өңдейтін зауыттарға мамандарын жіберіп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасауды жоспарлап отыр екен.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x