Жетісуда жыл сайын жөл жөндеуге 30 млрд. теңгеге

Dalanews 24 қаң. 2019 05:12 191

Биылғы жылы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында қауіпсіз және үзіліссіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатына 17 359,815 млн.теңге қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджеттен - 6 374,117 млн.теңге, ал жергілікті бюджеттен 10 985,698 млн.теңге бөлінді. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінде айтылды.

Бөлінген қаржы 23 км автожолдың құрылысы мен қайта жаңғыртылуына жұмсалады, сол сияқты ЖСҚ мен ТЭН дайындауға – 3 337, 957 млн. теңге; 55,2 км автожол мен 4 көпірді күрделі жөндеуге және ЖСҚ әзірлеуге – 5 078,484 млн. теңге; 148,5 км жолдың, су жіберетін құбырлардың орташа жөндеуіне және техникалық құжаттарын дайындауға – 6 586,117 млн. теңге, сол сияқты облыстың 17 ауданы мен 2 қаласының жолдарына ағымдағы жөндеу жүргізу мен күтіп ұстау шараларына 2 357,257 млн. теңге бағытталады.

Атап өтсек, Алматы облысындағы облыстық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы - 6138,6 шақырым. 2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі облыстық маңызы бар автокөлік жолдарының үлесі 78,1 % болды, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 78,5 %-ке жетеді деп жоспарланып отыр.

Жалпы Алматы облысында жергілікті маңыздағы жолдарды салу мен жөндеуге жыл сайын 30 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінеді.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x