Түркістан облысының бюджеті 7,2 млрд. теңгеге артығмен орындалды

Dalanews 13 желт. 2018 05:42 190

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2018 жылдың 11 айлық қорытындысы бойынша  бірқатар жетістікке жетіп отыр.

11 айдың қорытындысымен комитет құзыретіне жататын кірістер бойынша мемлекеттік бюджет жоспары 121,7 млрд. теңге болса, нақты 128,9 млрд. теңге өндірілді немесе 7,2 млрд. теңге артығымен қамтамасыз етіліп, жоспар 106%-ға орындалды. Оның ішінде – республикалық бюджет – 106,7% немесе 5,2 млрд. теңгеге артық, ал жергілікті бюджет – 104,6%, жоспардан 2 млрд. тегеге артық орындалған.

Комитет құзыретіне кіретін түсімдердің өсу қарқыны 115,4% немесе 17,2 млрд. теңгеге өскені байқалады. Айталық, республикалық бюджет – 120,6% немесе 14,1 млрд. теңгеге ұлғайса, жергілікті бюджет түсімдері 107,2% немесе 3,1 млрд. теңгеге өскен.

Күтілетін түсімдер. 5 желтоқсанда жинақталған мәліметке сәйкес 2018 жыл қорытындысымен республикалық бюджет жоспары 5,9 млрд.тг артығымен орындалады деп болжанп отыр (жоспар 83,2 млрд.тг, күтілетін түсім 89,2 млрд. теңге). Сонымен қатар, алдағы жылы республикалық бюджетке күтілетін түсімдер мәліметіне сәйкес 2017 жылмен салыстырғанда түсім 22,2%-ға немесе 16 млрд. 238 млн. теңгеге өсуі күтілуде.

Алдағы жылы  қорытындысымен жалпы жергілікті бюджеттің жоспары 100,5% орындалады деп болжамданып отыр (жоспар 49 млрд. 605 млн. теңге, күтілетін түсім 49 млрд. 872 млн. теңге).

Сонымен қатар, ағымдағы жылы жергілікті бюджетке күтілетін түсімдер мәліметіне сәйкес 2017 жылмен салыстырғанда түсім 5,9%-ға немесе 2 млрд. 766 млн. теңгеге өсуі күтілуде.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x