Жетісай. Ауыл шаруашылығы саласындағы алға басушылық

Dalanews 21 желт. 2018 09:22 327

2018 жылдың 11 айында Жетісай ауданында ауыл шаруашылығы саласында жалпы өндірілген өнімнің көлемі  53 млрд.  теңгені құраған. Оның ішінде мал шаруашылығы 11 млрд. 427,4 млн. тенге, өсімдік шаруашылығы 39 млрд. 982,7 млн. тенгеге жетті.  2017 жылы Мақтарал ауданы 81,9 млрд. теңгеге өнім өндірген болса, оның ішіндегі Жетісай ауданынының үлесі 46 млрд. теңгені құраған.

Былтырғы жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі ағымдағы жылдың 11 айында 4,8 млрд. теңгеге артық өндіріліп. (2016 жылы Мақтарал ауданы ауылшаруашылығы саласында 64,5 млрд. теңгенің өнімін өндірген)

Жыл соңына дейін Жетісай ауданында ауыл шаурашылығы саласында өндірген өнім көлемі қаржыға шаққанда 53 млрд теңге жуық болады деп жоспарланса, Мақтарал ауданын қоса есептегенде өндірілген өнім көлемі 105 млрд. теңге болады деп жоспарланып отыр.

Осы дақылдардың ішінде аудандағы өндірілетін негізгі дақыл мақтаның  орташа өнімділігі 26 ц/га құрап (2017-23,4ц/га), жалпы 126,2 мың тонна жиналды. Былтырғы жылмен салыстырғанда  2622,8 тонна артық өнім жиналды. Сол сияқты дәнді және бұршақты дақылдардан  9538,4 тонна, картоп, көкөніс және бақша дақылдарынан 73390,6 тонна, мал азықтық дақылдардан 28459,9 тонна, жеміс-жидек және жүзімнен 5388,1 тоннаға артық өнім алынды.

Шаруалардың мол өнімге қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында олармен бірге біршама шаралар өткізілді. Биылғы жылы көктемгі егістен бастап әрбір агротехникалық шараны жүргізер алдында шаруалардың, тәжірибелі мамандардың, ғылыми зерттеу институтының мамандарын қатысуымен бірнеше семинарлар, оқулар ұйымдастырылып, өткіздік. Аталған семинарлар мен оқуларда мақтаны егіске дайындау, күтіп баптау, зиянкестермен күрес, өнімді жинап алу т.б. шаралар бойынша құнды тәжірибемен бөлісті. «Мақта шаруашылығы» ҒЗИ бірлесіп мақтаны күтіп баптау технологиясы жөнінде арнайы кітапша дайындалып, шаруаларға таратылып берілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүргізілетін болады.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x