Шардаралық былғары қолғап шеберлері топ жарды

Dalanews 18 желт. 2018 02:58 228

Желтоқсан айының 14-18 күндері аралығында Ұлы отан соғысының және Еңбек ардагері Жылқыбаев Сындар Жылқыбайұлын еске алуға арналған және ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орый бокстан 2004-2005, 2006-2007, 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында халықаралық турнирі болып өтті.

Түркістан облысы, Шардара ауданындағы №4 ОРМБЖСМ-де жаттығатын былғары қолғап шеберлері де қатысып, жүлделі орындардан көрінді.

Мақтарал ауданының Бірлік ауылдық округыне қарасты Қоңырат ауылында болып өткен байрақты бәсекеде шардаралық былғары қолғап шеберлері 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында Баймұранов Нұрай 34 келіде III-орын, 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында 30 келіде Ілесбек Бейбарыс I-орын, Илесбек Дінмұхамед ІІ-орын, 34 келі салмақта Ералы Нұртас ІІ-орын, Сәрсенбай Мұхит ІІ-орын. 36 келі салмақта Күнісов Айбек Алтыннан алқа тақса, осы салмақта Әбсалам Бердібек ІІІ-орынды қанағат тұтты. 42 келіде Лесов Азамат ІІІ-орын. 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында 36 келіде Жаппар Бейбіт ІІІ орыннан көрінсе, 42 келі салмақта Жайлыбай Ринат күмістен алқа тақты, 50 келіде Ералы Багдәулет І-орын. +60 келі салмақта Қарсыбай Нұркен ІІІ-орын.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x