Шардара қоржынында 14 алтын

Dalanews 19 желт. 2018 02:53 278

Желтоқсан айының 14-17 күндері аралығында, Шымкент қаласында жасөспірімдер арасында Таеквондо спортынан Шымкент қаласының ашық турнирі болып өтті.

Турнирге Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектенің спортшылары қатысып 14 алтын, 6 күміс, 7 қола медальды қанжығаларына байлап қайтты.

Әр аймақтан жиналған кіл мықтылар жарысында, шардаралық өрендер өздерінің бабында екенін жарыс барысында дәлелдеді.

Соның ішінде алтыннан алқа таққан спортшыларымызды атап өтсек Глянко Артем, Куандык Дінмұхамбет, Қуандык Дінмұхамбет (спарринг), Гюлуман Карэн, Даниленко Снежана, Олейник Данила, Мамасадыков Эдуард, Кузеев Дамир, Худойбердиев Глеб, Сүйіндік Заңғар, Иманқұлов Сергей, Қуандық Нұрислам, Диханбай Тұрар, Өмірбай Шыңғыс.

Күмісті қанағат тұтқан спортшыларымыз Худайбердиев Глеб, Әбдікадыр Мұхаммед, Советбай Ерасыл, Зиядулла Мустафа, Өсер Ғалымжан, Лесбай Ердәулет.

Қола медальға қол жеткізген спортшыларымыз Даниленко Максим, Исмайл Бекасыл, Өмірбай Шыңғыс (туль), Қуандык Нұрислам, Исмайл Бекасыл, Садиярова Юлия, Абдуллаев Нұрдәулет.

Барша жеңіске жеткен жерлестерімізді құттықтай келе, жасөспірім спортшыларымызға тек жеңіс тілейміз!!!

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x