Әбдібақыт Мақұлбаев: "Кентаудың даму концепциясы қаланың ажарын аша түспек"

Dalanews 05 желт. 2018 08:43 259

Кентау қаласының 2018-2025 жылдарға арналған даму концепциясын таныстырған қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев шаһардың даму концепциясы 4 бағытта іске асырылатын айтты.

«Әуелгі бағыт - өнеркәсіп саласын дамыту, шағын және орта кәсіпкерлікті ілгерілету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласы және әлеуметтік нысандардың және инженерлік инфрақұрылымдарды жаңғырту.

Мәселен, Кентауда жалпы 2018-2025 жылдары өнеркәсіп саласында жобалық құны 55,5 млрд теңгені құрайтын 9 инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде. 2018 жылы шағын орта бизнес саласында 760,0 млн теңгеге 151 жоба қаржыландырылып, 265 адам жұмыспен қамтылатын болады», - деді Әбдібақыт Тілләбайұлы.

Қала әкімінің мәлімдеуінше, жыл соңына дейін қала және ауыл халқы толық орталықтандырылған таза сумен қамтылатын болады.

Табиғи газбен қамтасыз ету үшін 2018 жылдан бастап ішкі орам жүйелерінің құрылысы жүргізіліп, 2021 жылға дейін қала және ауыл тұрғындары 100 пайыз табиғи газбен қамту жоспарлануда.

«Өңірлерді дамыту - 2020» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары аясында 2018-2025 жылдары бір типтік үлгідегі 5-қабатты 60 пәтерлі 37 тұрғын үйдің құрылысын жүргізіліп, тұрғын үйге мұқтаж, кезекте тұрған 2 220 отбасы коммуналдық тұрғын үймен қамтылады.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x