Кентаудағы ауыл шаруашылығы саласына 993 млн теңге инвестиция тартылған

Dalanews 18 желт. 2018 07:02 215

2018 жылдың 10 айында Кентаудағы  жалпы өнім көлемі 42804,0 млн.теңгені, нақты көлем индексі 105,0% құрады.

Атап айтар болсақ, оның ішінде: өсімдік  шаруашылығы  26799,4 млн.теңге (103,5%), мал шаруашылығы 15991,9 млн.теңгені (107,7%) құрады.

Өндірілген ет – 13162,5 тонна, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,2%,сауылған сиыр сүті – 54608,8 тонна немесе 105,4%, алынған тауық  жұмыртқасы –  13810,1  мың дана немесе 103,3% құрады.

Ал ауыл шаруашылығы саласы бойынша былтырғы жылмен салыстырғанда 105% инвестиция тарту жоспарланған, қазіргі таңға Кентау қаласы Қарнақ ауылында жылыжай құрылысына «Абдашим» шаруа қожалығы 200,0 млн.теңге, Ескі-Иқан ауылдық округінде «Агрокомгруп»  көкөніс қоймасын салуға 56,0 млн.теңге, Иассы ауылдық округінде көкөніс қоймасын салуға 273,0 млн.теңге және 5 мал бордақылау алаңдары құрылысына 144,0 млн.теңге, Қарашық ауылдық округінде «Тұран» шаруа қожалығы сүт өңдеу цехына 85,0 млн.теңге, Шаға ауылы округінде «Дидар» шаруа қожалығы көкөніс сақтайтын  қойма  салуға 235,0 млн.теңге  инвестиция  тартылды.

Жалпы  2018 жылдың  10 айында Кентаудағы ауыл  шаруашылығы  саласына 993,0 млн.теңге көлемінде  инвестиция тартылған екен. 


Қаладағы шағын және орта бизнестің де шырайы кіруде. Кентау қаласына 12 ауыл округтерінің қосылғалы бері қаладағы алыс-беріске жан бітіп, кәсіпкерлердің өз тауарын өткізетін нарық аясы әжептәуір кеңейген.

2018 жылдың 10 айында қолданыстағы шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6784 бірлікке жетіп, 2,5 есе өскен екен.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x