Кентауда Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы бойынша 4 жоба толығымен іске асты

Dalanews 12 желт. 2018 05:34 214

 Кентау қаласы бойынша2015-2019 жылдары Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы бойынша ауқымды жұмыс атқарылған екен. 

Атап айтар болсақ Кентау қаласы бойынша 2015-2019 жылдары өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына жалпы құны – 6441,5 млн.теңге 5 жоба енгізіліп, солардың 4 жоба толығымен  іске асырылды.

Атап айтар болсақ, оның ішінде:

«ЮгЭлектроПривод» ЖШС «Тоқ және кернеу ажыратқыштарын, айырғыштарын, өлшегіш трансформаторларын шығару» жобасы, жоба құны-828,0 млн.теңге. 2018 жылдың 10 айында 174,2 млн.теңгеге (4996 дана) өнім шығарды.

«Электродеталь» ЖШС «35-110-220 трансформаторлар үшін металлқұрылымдар жасайтын және электрооқшаулар бөлшектерін шығару» жобасы, жоба құны -816,0 млн.теңге. 2018 жылдың 10 айында 501,7 млн.теңгеге (1800 дана) өнім шығарды.

«Статус Эверест» ЖШС – «ПЭТ, ПП, ПЕ» қатты қалдықтарды қайта өңдеу» жобасы, жоба құны 100,0 млн.теңге. Жұмыс орындары 25 адам. Қазіргі таңда кәсіпорын өткізу нарығын қарастырып жатыр.

«Vostok Minerals» ЖШС – «Барит өнімдерін өңдеу» жобасы, жоба құны 138,4 млн.теңге. Жұмыс орындары 110 адам. Өткізу нарығын қарастыруда.

«ГРК «Металлинвест» ЖШС-нің «Барит концентратының өндірісімен Ансай кен орынының барит кеніне өнеркәсіптік қазба жұмыстарын жүргізу» жобасы.  Жоба құны -4559,1 млн.теңге. Іске асыру мерзімі 2020 жыл деп күтілуде.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x