Түркістанда тұрғын үйдің бәрі «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынады

Dalanews 10 желт. 2018 11:18 193

Бүгінде Түркістан қаласында «Отырар» атты жаңа шағынаудан бой көтеріп келеді. Инфрақұрылымдары бар. Бүгінде 5 қабатты 10 үй пайдалануға берілген. Одан бөлек «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ салған 9 қабатты 2 үй бар.

Мұндағы тұрғын үйдің барлығы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынады. Бүгінгі таңда 20 көпқабатты тұрғын үйдің жобалық құжаттары дайындалған, тиісті қаражат облыстық бюджеттен бөлінген. Сонымен, ағымдағы жылы 20 үйдің құрылысы басталады деп отырмыз. Ол әлеуметтік жағынан әлсіз топтар мен баспана кезегінде тұрған азаматтарға беріледі.

Түркістанда тұрғын үй кезегінде тұрғандар саны 5 жарым мыңнан, ал баспана салу мақсатында жер телімін алу кезегінде тұрғандар 25 мыңнан асады. Осы ретте көпқабатты үйлердің құрылысы қаладағы баспана мәселесін шешуге барынша септігін тигізіп келеді.

Алдағы уақытта Түркістан қаласындағы жаңа үйлер Шымкент және Кентау бағытына қарай салынады. Өйткені, әкімдіктегілер бұл инфрақұрылым факторлар жағынан алғанда қолайлы екенін айтуда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x