Мақтаралдың мақтасы зиянкес жәндіктердің шабуылына ұшыраған жоқ

Dalanews 06 желт. 2018 09:14 197

Бұдан бұрын өңір басшысы мақта зиянкестеріне қарсы жәндік өндіретін «Оңтүстік» биофабрика мекемесінде болған еді. Бүгін осы кәсіпорын туралы айтпақпыз.

Этномофаг өндірісін жолға қойған кәсіпорын былтыр мақта дақылының зиянкестеріне қарсы 50 кг трихограмма, 7 млн. дана алтынкөз, 9 млн. дана габробракон жәндіктерін өндіріп, шаруа қожалықтарына өз пайдасын тигізген екен.

Биыл да өз көмегін аямай, шаруалар қауымы шығынға ұшырамауы үшін аталған кәсіпорын ауқымды жұмыс атқарған.


Аталған ұйымның жұмысымен танысқан "Қала мен Дала" тілшілері еліміздегі ақ мақтаны өсіретін жалғыз өңір болып табылатын Түркістан облысындағы бұл мекеменің атқарар рөлі орасан екеніне көз жеткізіп қайтты.

Айта кетелік, Түркістан өңірінің әкімі Жансейіт Түймебаевтың атап өткеніндей облыста биылғы жылы мақта дақылы 123 мың гектардан астам жерге егілсе, оның 87 мың гектарға жуығы Мақтаарал ауданына тиесілі екен.

Әкімнің айтуынша, биыл өңірде тұқымдық шит тапшылығы сезілмеген. Мәселен, Мақтааралдың өзінде 3 мың тонна шит дайындалған. Бұдан бөлек, ауданға Қытай мен Түркия елдерінен де тұқымдық шит тасымалданыпты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x