Түркістандық 200 дәрігер бір айлық жалақы көлемінде сыйақы алды

Dalanews 17 желт. 2018 09:21 230

Түркістан облысының 200 — ге жуық ақ халаттылары марапатпен қоса бір айлық жалақы көлемінде сыйақы алды, оның ішінде 8 дәрігер мемлекеттік ордендермен марапатталды.

Еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан облысының 7 үздіктері мемлекеттік марапатқа ие болды.

Атап айтсақ, Облыстық клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Назира Жарқынбекова «Құрмет» орденімен марапатталды. Шардара аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Жанар Оспанова мен

[perfectpullquote align="full" bordertop="false" cite="" link="" color="" class="" size=""]Түркістан қалалық орталық ауруханасының бөлім меңгерушісі Камагүл Мұсақожаева
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың қолынан «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды[/perfectpullquote]

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының дәрігер- трансфузиологы Амалбек Белгібаев пен Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Айкүл Ақынғазиева және Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының педиатр дәрігері Наушарман Боранбаева, Түлкібас аудандық орталық ауруханасының дәрігері Бахытжан Күзембаев, Ордабасы аудандық орталық ауруханасының бөлім меңгерушісі Салтанат Сеитова «Шапағат» медальдарымен марапатталды.

Ел Тәуелсіздігі күніне орай медицина саласының үздіктері Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының мәжіліс залында бас қосты. Абыройы асқақтаған 200 — ге жуық ақ халаттының 50 — ге жуығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан үлкен марапаттарға ие болды.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x