Әбдібақыт Мақұлбаев: "Кентауда коммуналдық қызметтің құны арзандады"

Dalanews 07 желт. 2018 07:11 204

Елбасы Жолдауында айтылған әлеуметтік жүктемелерді төмендету туралы тапсырмасы еліміздің өңірлерінде жауапкершілікпен орындалып жатыр. 

Бұған мысал күні кеше Түркістан облысының Кентау қаласында коммуналдық қызметтің құны бақандай 24 пайызға арзандады. Яғни тұрғындар бұған дейін жылу маусымында баспананың әр шаршы метрі үшін 136 теңгеден төлеп келсе, енді 103 теңгеден  айналады деген сөз. Өз кезегінде заңды тұлғалар мен коммерциялық нысандар үшін де жылу бағасы 17 пайызға төмендеді.

Сондай-ақ 1 қаңтардан бастап, ауыз судың құны да 10-11 пайызға арзандайтын болады. Жалпы алғанда Кентау қаласы жылу мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 334 көпқабатты тұрғын үй мен 2121 жеке үйге және 374 коммерциялық нысан мен 102 бюджеттік мекемені жылумен қамтамасыз етеді екен.

Ал  Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаевтың атап өткеніндей Елбасы Жолдауы жарияланғалы бергі уақытта ең төменгі жалақыны 28 мың теңгеден 42 мың 500 теңгеге дейін көтеру мәселесі бірінші кезекте қаралған.

"Бізде осы мекемелер бойынша тиісті жұмыстар жасалды. Жылу энергоорталығындағы 61 адам 42 мыңнан төмен алады, барлығының айлығы көтерілді. Бұдан өзге мекемелерде еңбек ететін азаматтардың айлығы өсетін болады", – деді қала әкімі өз сөзінде.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x