Түркістан өңірінде биіктігі 16 метр болатын "Мәңгілік ел" монументі ашылды

Dalanews 15 желт. 2018 08:00 161

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Түркістан облысының Арыс қаласында «Мәңгілік ел» саябағы мен «Құрметті азаматтар» аллеясы ашылды.

16 желтоқсан еліміздің Тәуелсіздік күні болғандықтан саябақ ортасына биіктігі 16 метр болатын «Мәңгілік ел» монументі орнатылған.

Жасыл желекпен көмкерілген демалыс орнының құрылысына 79 млн теңге қаржы жұмсалыпты. Саябақтың ашылғанына аудан халқы дән риза.

Себебі, қала орталығында таза ауа мен тыныстап, алаңсыз серуендеуге болады. Жол жиегіне жайлы орындықтар мен әсем шамдар орнатылған.

Ал «Құрметті азаматтар» аллеясы да қала тұрғындарының көз қуанышына айналды. 47 млн теңге жұмсалған аллеяның кіреберіс қақпасынан бастап, аяқ жолдарына дейін жаңадан салынған.

Мұнда ауданның дамуына өлшеусіз үлес қосқан Арыс қаласының құрметті азаматтарының есімдері тасқа қашап жазылған.

«Олардың аты-жөндерін болашақ ұрпақ біліп, санасына сіңіріп өсуі тиіс», – дейді қала тұрғындары.

Оразхан Арыстанбаев, Арыс қаласының құрметті азаматы: - Құрметті азаматтардың тізімінде қарапайым еңбеккерлер де бар. Олардың бәрі біздің қаламыздың дамуына, әлеуметтік-экономикасының көтерілуіне үлкен үлес қосқан. Ал енді «Мәңгілік ел» саябағы елімізді мәңгілік елге айналдыру жұмысы жүріп жатыр. Мінекей, соның бір айғағы бүгінгі «Мәңгілік ел» саябағының ашылуы болса керек.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x