Арыста ауыл шаруашылығы саласының шырайы кіріп келеді

Dalanews 15 желт. 2018 07:11 227

Арыс қаласында ауыл шаруашылығы саласының тасы өрге домалауда. Жыл басында қала әкімі Мұрат Қадырбектің жетекшілігімен қаладағы ауыл шаруашылығы саласының тамырына қан жүгірту мақсатында бірқатар маңызды жобалар жасалған болатын. Сол жобалар нәтижелі болғанға ұқсайды.

Сөзімізге дәлел биылғы жылы Арыс қаласыда 12 млрд. 521 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 93,6 пайызды құрады.

Биылғы жылы жалпы көлемі 22900 гектарға егіс егу жоспарланса, 27676 гектарға дән себіліп жоспар 120,9 пайызға орындалған екен. Сонымен қатар, қала әкімі Мұрат Қадырбектің айтып өткеніндей биыл 6 гектар жерге жылыжай салу керек болса, 6,1 гектар жерге жылыжай салынып жоспар артығымен орындалған.

Жыл басыан бері Арыс қаласына тартылған инвестиция көлемі 6 млрд. 108 млн. теңгені құраған. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 млрд. 107 млн. теңгеге артық.


Ағымдағы жылдың қазан айында Қожатоғай ауылдық округінде «KazGreenTekSolar» серіктестігі француздық компаниямен бірлесіп, 30 гектар жерге құны 7 млрд. теңгелік қуаттылығы 14 мВт болатын күн сәулесінен баламалы электр энергиясын өндіретін станцияның құрылыс жұмыстары басталды.

Одан бөлек, «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ ұсынысы негізінде қуаттылығы 50 мВт-ты құрайтын күн сәулесінен қуат өндіретін станция салынатын болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x