«Көксарай» су қоймасы Арыстағы суармалы жерлердің көлемін арттыруға мүмкіндік туғызып отыр

Dalanews 13 желт. 2018 07:43 341

Бүгінде Арыс қаласы мен оған қарасты ауылдарда мал басы артып, мал өнімдері барлық түрлерін шығару ісі жанданып келеді.  

«Ордабасы құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ақдала ауылдық округінен құны 2,5 млрд. теңгені құрайтын асыл тұқымды үндік балапанын шығаратын құс фабрикасын салуды жоспарлауда. Жобаның қуаттылығы 1817 мың дана жұмыртқа шығарып, 70 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Қожатоғай ауылдық округіндегі үй іргелік жерлерді ағын сумен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамада.

Алдағы жылдары суармалы жерлердің көлемін ұлғайту мақсатында ауылдық округтер бойынша қосымша ұлғаятын суармалы жердің көлемдеріне талдау жасалынып, төмендегі жобалар анықталды.

«Көксарай» су реттегішінен су сорғыш қондырғылары арқылы суармалы жерлердің көлемін 3700 гектарға ұлғайту жобасының техника-экономикалық негіздемесі 2 млрд. 405 млн. теңгеге дайындалды.

Су нысандары түсетін құрылыстың астындағы 30,3 гектар жер «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне берілді.

«Көксарай» су реттегішіне су жеткізіп беруші каналдың аумағынан 4000 гектар суармалы жер көлемін ұлғайту мүмкіншілігі бар, ол үшін, су сорғыш қондырғылары арқылы 2 қатарлы құбырлар арқылы егістік сумен қамтамасыз етілетін болады.

Дермене ауылдық округіндегі «Саналы» каналын күрделі жөндеуден өткізу арқылы 550 гектар суармалы жерді қайта айналымға қосуға және сиымдылығы 1 млн. текше метрлік тоған салу арқылы суармалы жердің көлемін 1950 гектарға ұлғайту мүмкіндігі бар.

3-К-3 каналын тармақтарымен қайта қалпына келтірудің нәтижесінде барлығы 1330 гектар, оның ішінде: 600 гектар суармалы жер көлемі ұлғайып 730 гектар жер қайта айналымға қосылатын болады.

Жиделі ауылдық округінде орналасқан 3-К-3, 3-К-2 және 3-К-1 каналдарын күрделі жөндеу үшін, жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, ЖСҚ жасалған. Жобаның сметалық құны 1 млрд. 469 млн. теңге, жоба сараптамадан өткен. Жөндеу жұмыстары жүргізілген жағдайда 1731 гектар жер қайта айналымға қосылатын болады.

 

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x