Созақтың спортшылары Астанада грепплингтен топ жарды

Dalanews 12 желт. 2018 05:15 285

Бүгін Созақ ауданы әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мерей Ниязәліұлы грепплингтен Қазақстан Респбуликасы Кубогында алтын алған Мыңжасар Алпамыс, Қуандық Ерғараев пен жүлдегерлері Дәурен Оспанов, Абзал Саттарұлын қабылдап, құрмет көрсетті.

– Сіздердің спорттағы жетістіктеріңіз, біздің үлкен мақтанышымызды тудырады. Алдағы уақытта да, жеңістеріңіз өскін ұрпақтың жетістікке жетуіне ынталандырып, спортқа деген қызығушылығын тудырады. Елміздің байрағын додаларда абыроймен қорғай беріңіздер, – деген жүрекжарды тілегін білдірді.

Желтоқсан айының 8-9 күні аралығында еліміздің бас ордасы – Астана қаласында «Даулет» спорт кешенінде грепплингтен Қазақстан Республикасының Кубогы өтіп, Созақтың төрт палуаны 2 алтын, 1 күміс, 1 қола алған болатын.

Соңғы уақытта Созақ ауданында спортпен кәсіби тұрғыдан айналысатын жастардың қатары көбейіп келеді. Бұған ауданда бұқаралық спортты дамыту бағытында атқарылған жұмыстар ықпал етуде. Ал жас спортшылардың Астана төрінде жеңіс тұғырынан көтерілуі жастардың спортқа деген ынта-ықыласын арттыра түсетіні анық.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x