«Түркібасы тебіреністері» байқауы өтті

Dalanews 11 желт. 2018 09:58 236

Бүгін Түлкібас ауданында  аудандық мәдениет сарайында «Мархабат-мирас» қорының ұйытқы болуымен «Түркібасы тебіреністері» байқауы болып өтті.

Байқауға аудан әкімі Н.Тұрашбеков, Халықаралық «Алаш», «Бауырмал» сыйлықтарының лауреаты, жазушы-журналист М.Байғұт, Қазақстан Республикасының құрметті журналисі, Түркістан облысының құрметті азаматы Б.Қонысбек, жазушы, профессор Н.Қадырбаев, ақын, түріктанушы С.Сахабат және аудан тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Алдымен байқауға қатысушылар өз өлеңдері мен жергілікті ақын- жазушылардың шығармаларын орындады. Бір айға жуық өткізілген байқаудың қортындысы шығарылып, жеңімпаз атанған оқушылар марапатталды.

Байқау бойынша  М.Байғұт,  Б.Қонысбек, Н.Қадырбаев, С.Сахабат сөз сөйлеп, байқаудың ерекшеліктері жайлы айтып өтті. Байқауда аудан әкімі Н.Тұрашбеков сөз алып, қордың атқарған жұмысына ризашылығын білдіріп, бір топ ұстаздарды алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар  қарымды журналисттер Б.Қонысбек пен М.Байғұтқа ауданның 90 жылдық медалін табыстады. Аудан тумасы, жазушы М.Байғұтқа аудан басшысы қазақы дәстүрмен шапан жауып, ат мінгізді.

Жалпы «Мархабат-Мирас қоры» жастарды кітап оқуға баулу, дарынды жастардың шығармашылығына қолдау көрсету  мақсатында ел сүйсінетіндей, жұрт қызығатындай жобаларды қолға алып, жүзеге асыруда.

Мәселен, қор құрылған алғашқы жылдары әлемге танылған грейг қызғалдағы жайында «Шырайлым – Шұбайқызылым» жобасы жас жазба ақындардың байқауы, республикалық және халықаралық деңгейде ұйымдастырылды. Байқауда жас талапкерлердің тұсауы кесіліп, қазақ қызғалдағы, туған жер, егеменді ел, атамекен туралы өрелі өлеңдер мен қарасөзбен  өрнектелген толғамдар дүниеге келді.

Сонымен қатар қордың ұйытқы болуымен «Таупістелі тағылымы», «Мархабат оқулары», «Тұтқабай толғаныстары» жобалары аясында байқаулар, форумдар, кездесулер өткізіліп,  әдебиетіміздің дамуына өзіндік үлес қосты.



 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x