Мақтаарал ауданында 5421 оқушы спорт секциясына қатысады

Dalanews 16 қар. 2018 09:32 130

Спорт және сауықтыру шаралары жастардың бойында сергектік қасиеттерін дамытып, дендерінің сау болып жетілулеріне жетелейтіні анық. Бұл бағытта Мақтаарал ауданында жас жеткіншектерді спортпен айналысуына мейлінше жағдай жасалуда.



Мақтаарал ауданында жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысуға тарту мақсатында 448 спорттық секция ұйымдастырылған. Оларға 5421 оқушы қамтылды. Аудандық білім бөлімі мен дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің бірлескен ережесіне сәйкес 2018 жылғы қаңтар-наурыз аралығында мектеп оқушыларының спартакиадасы өтіп тұрады. Спорттың 7 түрі бойынша өткен іс-шараға 15 мыңға жуық оқушы тартылды. Осылайша Мақтаарал ауданының оқушылары спортпен айналысуына барынша жағдай жасалуда.

Мақтаарал ауылдық округіне қарасты Назарбек ауылындағы Навои жалпы орта мектебінің ғимараты базасында 250 орынды «Толағай», Бірлік ауылдық округіне қарасты Қоңырат ауылындағы «Болашақ» жалпы орта мектебінің ғимараты базасында 100 орынды «Еркежан», сондай-ақ, қала сыртындағы сауықтыру лагерьлері іске қосылып, 7 кезең бойында 2450 оқушы жазғы сауықтыру демалысымен қамтылды.

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x