Түркістан облысында тарихи-мәдени ескерткіштерді ғылыми-реставрациялау жұмыстары сәтті жүріп жатыр

Dalanews 01 қар. 2018 06:21 399

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы «Қазақстанның киелі жерлері», «Қазіргі заманғы Қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» бағдарламаларына айрықша серіпін бергені анық. Әсіресе, «Қасиетті Қазақстан» жобасы Түркістан облысында табысты жүзеге асты. Облыста бұл жобаны сәтті жүзеге асуына Түркістан облысының тарихи-мәдени ескерткештерге бай болуы да әсер еткені анық.



«Қасиетті Қазақстан» республикалық орталығына Түркістан облысынан 104 нысан ұсынылған болатын. Іріктеу кезінде Түркістан облысынан 23 нысан жобаға енген болатын. Ал қалған 81 тарихи-мәдени ескерткіштер жергілікті маңызы бар қасиетті, киелі жерлердің тізіміне енгізілген.

Облыс аумағында Қаратөбе қалашығына археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін 31 млн. 436 мың теңге, Қаратөбе қорымына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін 40 млн. теңге, Оба патшалық қорымына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін  24 млн. теңге, Қазығұрт тауын тарихи-мәдени орталыққа айналдыру үшін 1 млрд. 513 млн.теңге, Ордабасы тауына 1 млрд. 200 млн. теңге қаржы қарастырылды.

Бұдан бөлек, Сайрам ауданындағы  «Ханқорған» қалашығына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін  31 млн. 436 мың теңге жұмсалды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен 38 млн 500 мың теңгеге, ал кәсіпкерлердің есебінен 219 млн 084 мың теңгеге облыстағы сәулет ескерткіштеріне жөндеу жұмыстары, абаттандыру, көгалдандыру инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүргізілді.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында мәдениет саласында жоспарлы жұмыстарды жүргізу әлі де жалғасуда.

Қала, аудан әкімдіктері тарихи-мәдени мұра нысандарын анықтауды, есепке алуды, қорғауды, пайдалануды және тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуде тынымсыз еңбек етіп жатыр

 

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x