Ордабасы ауданында жылыжай өндірісінің көкжиегі кеңейіп келеді

Dalanews 08 қар. 2018 03:51 251

Ордабасы ауданында орналасқан «Байдаулет» өндірістік жылыжай кешені қанатын кеңге жаюда.


Негізі 2014 жылы қаланған жылыжай қияр мен қызанақ өндіруге бағытталған. Алғашқыда 0,5 гектар аумақ жерден басталған кешен, бүгінгі таңда ауқымы әжептәуір кеңейіп 2,5 гектарға жеткен екен. Қазіргі күні мұнда 9 жұмысшы жылына 60 тонна өнім өндіріп келеді.


Айта кетелік жобаның жалпы құны 15 млн. теңгені құрайды. Қожалық директорының атап өткеніндей алдағы уақытта өнім көлемін 700 тоннаға дейін жеткізіп, дайын тауарды Алматы, Қарағанды, Өскемен, Павлодар қалаларына жөнелту жоспарланып отыр.



Бұдан бұрын аудандағы жұмыс барысымен толыққанды танысып шыққан өңір басшысы Жансейіт Түймебаев осынау сала басшыларына аудандағы жылыжай шаруашылығын жандандыруды тапсырған болатын.


«Түркістан өңірі ауыл шаруашылығына өте қолайлы аймақ. Осыны тиімді пайдалануымыз керек. Әсіресе, заманауи технологиялардың көмегімен жылыжай шаруашылығын мықтап қолға алсақ, өнім сапасы мен көлемі артатын болады. Сондықтан да осы мәселені аудан, қала басшыларына үнемі айтып келемін», – деген еді Жансейіт Түймебаев.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x