Түркістан облысында 16530 ауыл шаруашылығы техникасы бар

Dalanews 13 қар. 2018 11:41 188

Түркістан облысында соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан ауқымды қолдаулар көрсетіліп, агроөнеркәсіп кешенде жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Мәселен, өткен жылы 40 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мемлекеттік қолдауға ие болған.

Осының нәтижесінде ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 522,4 млрд. теңгені құрады. Бүгінде облысы республикадағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің үлесі бойынша облыс екінші орында.

Сондай-ақ «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» облыстық филиалының жарғылық  капиталы арқылы бөлінген 4,8 млрд. теңге қаржы толығымен игерілді. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында  850-ге жуық шаруа қаржылай қолдау алған.

Салалық басқарманың мәліметінше, ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың көлемі 38 млрд.теңгені құрап,  3,4 есеге артқан. Ал ауыл шаруашылығы экспортының көлемі бүгінгі таңда 231,5 млн. АҚШ долларын, импорт көлемі 356,5 млн. АҚШ долларын  құраған.

Сонымен бірге осы саладағы жұмысты жандандыру үшін жаңа 1031 дана ауыл шаруашылығы техникасы алынды. Жалпы облыс бойынша 16530 дана ауыл шаруашылығы техникасы бар.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x