Түркістанда кәсіпкерлік нысандарды тексеру қысқарып келеді

Dalanews 06 қар. 2018 10:19 172

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нұрбек Нышановтың айтуынша 2018 жылдың 9 айында өңірдегі 944 кәсіпкерлік нысандары тексеруден өткен екен.

Айта кетелік қазіргі уақытта кәсіпкерліктің дамуына мемлекет тарапынан кең қолдау жүргізілуде. Біздің елдің экономикасының ертеңгі тірегі кәсіпкерлік екенін мемлекеттік қызметкерлер жете түсінуде.

Кәсіпкерлік нысандарына қадағалау жүргізетін мемлекеттік органдардың қызметі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте жариялы және ашық болуға тиіс екендігі ҚР Кәсіпкерлік кодексінде көрсетілген.

Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті тарапынан да жеке кәсіпкерлік нысандарын қолдауда көптеген нормативтік-заңдылық құжаттарына өзгерістер енгізіліп, кәсіпкерлік нысандарына қолдаулар көрсетілуде.


Атап айтқанда, тексеру парақтары нысандар тобына сәйкес оңтайландырылып, бірнеше есе қысқартылды, рұқсатнама құжаттарын алу тек эпидемиологиялық маңызды нысандар тобына ғана қатысты болып қалды.

Нұрбек Нышанов, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басышысы:

«Ерекше тәртіппен тексерілетін нысандар тобы да жылдан жылға қысқартылуда, 2015 жылы жеке кәспкерлік нысандарын тексеруге мораторий жарияланса, 2016 жылы біздің қызмет тарапынан 2062 кәсіпкерлік нысандары, 2017 жылы 1982 нысандар тексерумен қамтылса, 2018 жылдың 9 айында 944 кәсіпкерлік нысандары тексерілген. Ал жоспардан тыс тексерулер 2016 жылы 894, 2017 жылы 516 құраса, ағымдағы жылдың 9 айында 657-ні құраған».


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x