Шардараның орталық кітапханасының кітап қоры биыл 3017 кітаппен толықты

Dalanews 08 қар. 2018 03:43 163

Шарадара аудандық орталық кітапхананың кітап қоры – 355708 дана болса, жаңа түскен кітаптар саны – 3017 дана. Өнегелі құндылықтың маңызын арттырып, оқырмандарға кеңінен насихаттау мақсатында «Кітапханаға кітап сыйлайық!» акциясы өткізіліп, 681  дана құнды кітаптар сыйға тартылды.

Кітап қорын жергілікті жазушылардың туған өлке тарихынан сыр шерітетін туындыларымен толықтыру және кітап оқырмандарын тарихымызды, мәдениетімізді,  ұлттық құндылықтырымызды насихаттайтын туындыларды оқуы үшін сондай-ақ кітаптарды алмасып, пайдалану мақсатында барлық кітапханалардан  буккросинг бұрыштары ашылып, оқырмандарға қызмет көрсетілуде.

Аудандағы барлық кітапханалар, Шардара аудандық тарихи-өлке тану музейі интернет желісіне қосылған, музейдегі экспонаттардың сандық форматқа өтуі жұмыстары 2018 жылға жүргізілетін болады. Өнегелі құндылықтарымызды дамыту, әр елдімекеннің тарихы, жер-су аттары, табиғаты, тарихи-мәдени ескерткіштері және сол ауылда туылған танымал тұлғалар туралы жинақ жасау мақсатында барлық ауылдық мәдениет үйлерінен көрнекілік бұрыштар ашылды.  «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын кіші жобалар мен іс-шаралар бөлім тарапынан арнайы бекітілген және барлық аудандағы мәдениет үйлері мен кітапханаларда жалғасын тауып келеді. Өткізіліп жатқан барлық іс-шараларда  Елбасымыздың стратегиялық жоспарлы мақаласы  көрермендер мен оқырмандарға тұрақты насихатталуда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x